15 000₸ басталатын тапсырысқа MEGOGO FULL 1 айға тегін жазылым
Қазақстан бойыншы жеткізу тегін
КҮЗГІ SHOPPING FEST: 50% ДЕЙІНГІ ЖЕҢІЛДІКТЕР
🎁 15 000-нан басталатын тапсырыстарға таңдауға сыйлық
2023-12-23 11:20:58

Парфюмді қалай дұрыс сақтау керек

Қымбат әтір сатып алған кез келген адам, оны ұзақ қолдануды қалайды.

Парфюмерияны сақтау – оның өмірін созуға бағытталған ережелер жиынтығы. Осы кеңеспен сіздерді таныстыратын боламыз.

Әтірді үйде сақтаудың тиімді жолдары: жалпы ереже

Сонымен, әтірді сақтаудың ең негізгі үш талабы бар, нақты айтқанда хош иіс өнімінің сапасына кері әсер беретін парфюмерияның үш жауы бар. Бұл жарық, температура, және оттегі. Белгілі бір жағдай жасаса, әтірдің тұрақтылығы мен алғашқы иісін сақтап қалуға болады. Ол қараңғы және салқын, жабық жер болуы тиіс.

Осы факторларға нақтырақ тоқталайық:

  • Күн жарығы – парфюмерияның ең басты жауы. Әтірдің дұрыс сақталуы үшін тікелей күн сәулесінен алыс ұстау керек. Қымбат алкоголь сусыны сияқты, ультросәуле сұйықтықтың нәзік құрамын өзгертуі мүмкін. Сондықтан әтірді жабық шкафта немесе тоңазытқыш жәшігінде сақтаған жөн.

Дұрыс сақтау үлгісі: Қыздар көбінесе әтірлерін косметикалары тұрған үстелдің үстінде сақтайды. Бұл өте ыңғайлы, себебі хош иіс сұйықтығын үстіге, киімге себу образ жасаудағы соңғы әркет болып табылады. Бірақ парфюмді бұлай сақтау иісінің өзгеруіне әкеледі. Машинаның ішкі жәшігі де әтір сақтауға қолайлы орын емес. Бұл орын температураның өзгеруіне жиі ұшырайды.

Қызықты дерек: Хош иіс өндірушілері өз өнімдерін көрінбейтін құтымен шығарады. Бұл әрине тұтынушыларды ерекше ыдыспен қызықтыру үшін ойлап тапқан әдіс. Ондай әйнек те жарықтың түсуінен, кері әсер беруінен сақтай алмайды.

Сүйікті хош иістеріңіздің қосымша арнайы сақтауға арналған қорғаны болмаса, көк және сұр түсті ыдыста сақтамаңыздар. Хош иісі қысқа мерзімде қатты өзгеруі мүмкін.

  • Тұрақты және орташа температура – парфюмерияның құрамын сақтап қалуға арналған стандарттық жағдай. Егер сүйікті әтіріңіз алғашқы иісін сақтап қалғанын қаласаңыз, олар үшін температурасы өзгеріске ұшырамайтын орын таңдаңыз. Бір жылынып, бір суып циклдан циклге әтірлер жаңа химиялық реакцияға ұшырап, өз қасиетін жояды. Нәтижесінде хош иіс өзгеріп, тұрақты, тартымды, біртіндеп ашылатын бастапқы қасиетін жояды.

Дұрыс сақтамау түрлері:

Кейбір адамдар ваннадағы сөрелерді әтір, парфюмерия өнімдерін сақтау үшін қолданады. Себебі денеге душтан кейін бірден сепкенді қалайды. Бұл қателікті жасамаңыз! Ваннадағы температура тұрақсыздығы сіздің сүйікті хош иісіңіздің жауы, себебі әтірдің молекулярлы біртұтастығы жойылады. Осы себепті радиатор арқылы жылынатын терезенің алды да, артында жылу жүретін құбыры бар шкаф немесе сөре де әтір сақтауға жарамайтын орын.

  • Хош иісттің тотығуы оның мүлдем жарамай қалуына әкеледі. Әтір ыдыстары мықты жабылатын қақпақпен қамтамасыз етілуі бекер емес. Ондай қақпақ сұйықтықтың оттегімен араласуынан сақтау үшін керек. Ондай араласудың кесірі иістің бұзылуына әкеп соғады.

Дұрыс сақтау үлгісі: Көптеген адамдар асығып жүріп, сүйікті хош иісі тұрған ыдыстың қақпағын ашық қалдырып кетеді. Бұндай жағдайда әтірдің хош иісі ұзаққа баратындығына үміттенбеңіз. Оған қоса, қымбат сұйықтығыңызға оттегінің кіруінен ыдыстағы әтір буланып кетеді.

Пайдалы кеңес: Егер сіз әтір ыдысының қақпағын жиі жоғалтатын болсаңыз, қарапайым кеңесті пайдаланыңыз. Оны әрқашан әтірді қолданған кезде қолыңызда ұстаңыз. Қолдана салып бірден аузын жабыңыз.

Әтірдің сақтау мерзімін ұзартатын тағы бірнеше кеңес:

  • Құйылмалы әтір сатып алмаңыз. Біріншіден, кішкентай ыдысқа құйып беретін үлкен әйнек ыдыстағы әтір күн сәулесінен қорғалмаған. Біз олардың қауіпсіздіктен сақталмайтындығы туралы айтқан болатынбыз. Екіншіден, құю барысында хош иіс сұйықтығы оттегімен байланысқа түседі, оның тұтығуына жол береді. Үшіншіден, құйылмалы әтірге арналған ыдыстардың сақталу барысында талаптардың толық орындалмауы мүмкін. Ішіне тіпті көзге көрінбейтін шаң түссе де, оның жақын арада бұзылуына әкеледі. Сіз олай болғанын қаламайтын шығарсыз?
  • Әтірді антресольдің үстіңгі сөресінде де сақтамаған жөн. Біріншіден, жылы температура үстіге көтеріледі, сондықтан хош иіс өнімі жоғарғы төмен температураға қарағанда жоғарғы температурадан тезірек өзгеріске ұшырайды. Екіншіден, сіз оны жоғарыдан қозғалтпай ала алмайсыз. Артық қозғалыс хош иіс құрамына кері әсер береді. Үшіншіден, жоғарыдан алған кезде қолдан шығып кетуім мүмкін.
  • Егер хош иісті өзіңізбен жолға алып шыққыңыз келсе, оны ұқыпты түрде арнайы түрде контейнерге салу салу керек. Ондай бокстар пластиктен жасалады, сондықтан хош иістің әйнек ыдысын кез келген механикалық әсерінен қорғайды. Сонымен қатар контейнер әтірді күннің көзінен сақтайды.
  • Азық түлік өнімдері сияқты жарамдылық мерзімі болмаса да, оның да жарамдылығы бұзылады. Мысалы, сұйықтықтың түрі немесе иісі өзгерсе, жоғарыда берілген кеңестерді сақтамағансыз. Яғни, сіздің қымбат парфюмерияңыз бұзылған және оны пайдалануға болмайды.
  • Көбейту мақсатында оған су қосушы болмаңыз. Су әрқашанда ең жақсы органикалық қоспа болып табылады. Аз көлемде болса да оның құрамын, формуласын өзгертеді. Сондықтан әтірге су қосылса, оны лақтырып тастауға тура келеді.

Ашық әтірді қалай сақтау керек.

Әтірді алғаш қолданғанға дейін орамасында сақтаңыз. Хош иіс өмірінің кері санақ таймері орамасынан алған соң және бірінші қолданғаннан кейін бірден іске қосылады. Ал егер ашыған болса, онда негізгі үш кеңесті есіңізге түсіріңіз – әтірді қараңғы жерде, салқын және жабық күйінде сақтаңыз. Химиялық құрам мен оттегі арасындағы байланыстан туындайтын тұтығу ыдыстың ашылып, бірінші себілегінен басталады.

Әрбір сепкен сайын қақпағын нықтап жауып, өзінің төл орамасына салыңыз, немесе арнайы контейнерге салып, оны – салқын, қараңғы жерге қойыңыз.

Әтірді қорапта сақтау керек пе

Қорап – әтірді сақтауға арналған керемет ыдыс түрі болып табылады. Ол әйнек ыдысты жарықтан сақтап, ішінде белгілі бір микроклимотпен қамтамасыз етеді. Сондықтан әтірді үйде шкафта, немесе фирмалық өз қорабында сөреде, немесе арнайы контейнерде сақтаған жөн. Әтір ыдысын әрбір қолданар кезде алып-салудың өзі хош иістерді қолдану ұқыптылығын қажет етеді. Хош иіс букетін дарынды парфюмерлер құрастырғандықтан олардың өнімі ерекше күтімге лайық екендігі сөзсіз.

Парфюмді тоңазытқышта сақтау міндетті ме

Кейбір кеңестерде әтірді тоңазытқышта сақтаған дұрыс деп жатады. Бұл сұрақты талқылаған жөн. Шынымен де, қоюланған күрделі формула әтірі де, қоюы аз парфюмерлік сұйықтық болса да жоғары температураға сезімтал болады. Тұрақты температура мен тоңазытқыш ішіндегі қараңғылық әтір сақтау үшін қолайлы орта болып көрінеді. Дегенмен іші өте таза және ылғалдығы үнемі бақылауда болса ғана тоңазытқышта сақтауға болады. Егер тоңазытқыш ішінде үнемі зай немесе конденсат болса, парфюмнің жарамдылық мезгілі бұзылады. Оған қоса, парфюм өнімін тоңазытқыштан қайта-қайта алып-салу өнім температурасын бұзады. Ол құрамындағы заттарға кері әсерін береді.

Маңызды: Қатты төмен температура әтірдің иісі мен сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Оның қатып қалуына жол бермеңіз.

Қорыта келе айтатынымыз, егер косметикаңызды, әтіріңізді шағын тоңазытқышта сақтайтын болсаңыз, сіздің хош иісіңіз сізге алғысын ұзақ уақытқа дейін білдіретін болады. Ал егер тоңазытқыщыңыз азық-түлік үшін қолданылатын болса, сіздің қымбат әтіріңіз үшін ол қолайлы орта емес.

Әтірлердің жарамдылық мерзімі бола ма

Көптеген парфюмерия өндірушілері әтірдің жарамдылық мерзімі болмайды дейді. Шынымен де, хош иіс қолайлы жағдайда, жабық тұрса, ұзақ уақыт қызмет атақаруы мүмкін. Бірақ тәжірибеге сүйенсек, орта есеппен алғанда парфюм өнімдері өзгеріссіз 30 айға дейін сақталады. Сонда ашылған әтір ше? Бір жыл шамасында. Оның өзінде ол жоғарыда айтқан кеңестер толық сақталған жағдайд ғана.

Жиі қойылатын сұрақтар

Әтірді қанша уақыт сақтауға болады?

Ашылған соң және кеңестерді толық сақтаған жағдайда – бір жыл шамасында сақтауға болады. Жабық күйінде 3 жылға дейін. Бұл тек орташа мерзім. Егер ашылғаннан кейін 12 ай өткен соң ыдысында әлі де сұйықтық қалса, оны қорқпай қолдана берсеңіз болады. Ал егер әтірдің бұзылған алғашқы белгілерін байқасаңыз, одан бас тартқан жөн.

Әтірді ыстық кезде қайда сақтаған жөн?

Арнайы шағын тоңазытқышта. Оның ішінде косметика, дәрі-дәрмекті сақтауға болады. Бұндай құрылғы сатып алу, ақшаны ысырап жасау деп ойламаңыз. Керсінше, қымбат әтір, кремдер, маскалар жоғары температура атмосферасында күшін жоймайды. Яғни, оларға жұмсалған ақша ысырап болмайды деген сөз.

Әтір бұзылуы мүмкін бе?

Дұрыс сақталмаған жағдайда хош иіс өнімі қасиетін өзгертеді. Әтірдің бұзылғанын, оның күңгірттенгенінен, қоюланғанынан байқауға болады. Егер иісі өзгерсе, сепкен кезде теріде бөртпе пайда болады. Ондай өнімді қолданбаған дұрыс.

Әтірді пластикалық бөтелкеде сақтауға бола ма?

Пластикалық ыдыс әйнек ыдыстан жеңіл. Ол сынбайды. Ол қысқа мерзімде ғана сақтауға болатын жағымды жағы. Бірақ пластикалық бөтелкелер – парфюм өнімдерін ұзақ мерзімде сақтауға жарамсыз. Полимер әтірмен химиялық реакцияға түсіп, оның құрамы өзгереді.

Өнімді орналастыру
-30%
Black Moon парфюмі
Black Moon парфюмі
31000 ₸
21700 ₸
SALE
-30%
Парфум Berry me
Парфум Berry me
31000 ₸
21700 ₸
SALE
10%
YOUR COOKIE PREFERENCES
Continue without accepting
WELCOME TO eu.sistersaroma.com

Sister's Aroma Malletier use cookies, including third-party cookies, for functional reasons, for statistical analysis, to personalise your experience, offer you content that targets your particular interests and analyse the performance of our advertising campaigns.

You can either accept these cookies by clicking "Accept and Continue’, or click "Set cookie preferences’ to set your preferences.

What is a cookie?

A cookie is a small text file that is stored in a dedicated location on your computer, tablet, smartphone or other device when you use your browser to visit an online service. A cookie allows its sender to identify the device on which it is stored during the period of validity of consent, which does not exceed 13 months.

You may accept or reject the cookies listed below using the check box provided.

These cookies are required for optimum operation of the website, and cannot be configured. They allow us to offer you the key functions of the website (language used, display resolution, account access, shopping bag, wish list, etc.), provide you with online advice and secure our website against any attempted fraud.

These cookies are used to measure and analyse our website audience (visitor volume, pages viewed, average browsing time, etc.) to help us improve its performance. By accepting these cookies, you are helping us to improve our website.

These cookies allow us to provide you with online or in-store recommendations of products, services and content that match your expectations and preferences. By accepting these cookies, you are opting for an enriched and personalised experience.

These cookies are used for Sister's Aroma advertisements displayed on third-party websites, including social media, and are tailored to your preferences and to help us measure the effectiveness of our advertising campaigns. If you refuse these cookies, advertising (including ours) will continue to be displayed as you browse the Internet, although they will not be specific to your personal interests, and will therefore be less relevant.

You can change your preferences at any time by going to the "Cookies" module or to the "Privacy Policy" sub-section of the "LEGAL & PRIVACY" section. They are accessible through links at the bottom of any eu.sistersaroma.com website page.

See the list of cookies used on our site

For more information on our cookie policy, please click here